Батыстан келген ұры ұсталды
44 жастағы Орал қаласының тұрғыны есікке келетін кілтті тауып, пәтерлерді тонап келген
Ұры пәтерлердің бірінен жалпы сомасы 87000 теңге болатын алтын бұйымдарды алып шыққан
3 тамыз күні Әуезов полиция бөлімшесіне Өскемен қаласының тұрғыны жүгініп, пәтеріне ұры түскенін мәлімдеген.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары тоналған пәтер көршілерін тергеп шыққан.
Көп ұзамай күдікті анықталып, тұтқындалды. Ол бұған дейін де істі болған, жұмыссыз Батыс Қазақстан облысының тұрғыны болып шыққан. Қылмысты оның істегенін дәлелдейтін заттар тәркіленді.
Аталмыш іске қатысты "Ұрлық" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.