Жұмысқа орналастырамын деп алдап соққан
Алаяқтар хабарландыру сайтында белгілі бір сомаға KAZ Minerals компаниясына жұмысқа орналастыру туралы хабарлама жариялаған
KAZ Minerals тобының қауіпсіздік қызметі алаяқтық фактісін анықтаған.
Алаяқтар күдік тудырмау үшін жұмысқа орналасуға ниет білдіргендермен қысқаша әңгімелесу де өткізген, жұмысқа орналасуға қажетті құжаттарды тадап еткен.
Зардап шеккендердің сөздеріне сүйенсек, олардан медициналық тексеріс пен құжаттарды реттегені үшін де ақы алған. Ал ақшаны алған алаяқтар белгілі бір мекенжайға жіберген. Алайда онда оларды ешкім күтпеген.
- Азаматтар өте абай болғаны абзал, - дейді KAZ Minerals тобының қызметкерлерді қабылдау бойынша жетекшісі Светлана Сергейчук. – Ресми өкілдері жұмысқа орналастыру үшін ешқашан ақы талап етпейді.