Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Каспий шекарасынан төрт Ресей азаматы ұсталды

Каспий теңізін кесіп өткен көрші ел азаматтарын теңіз шекарашылары ұстады

Теңіз шекарашылары Каспий теңізінде төрт ресейлікті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Бүгін, 2018 жылдың 1 тамызында сағат 02.50-де теңіз шекарашылары Каспий теңізін шолып жүріп 44˚25′ солтүстік ендік пен 50˚00′ шығыс бойлығының аумағында қос "Ямаха" моторлы "Байда" типтес жылдам жүзетін шағын жүзу құралын кезіктірді. Қараңғыны қақ жарып кенеттен пайда болған теңіз шекарашыларының катерін байқап қалған "Байда" қашуға бет алған кезде оны тоқтату үшін шекарашылардың, ескерту ретінде аспанға оқ атуына тура келді, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осылайша, шекара бұзушыларға зәкірді тастап, қолдарын көтеруге тура келген. Қайықта отырған 4 адамның барлығы да Ресей азаматтары болып шыққан. Екеуі 52 жаста, біреуі 36 жаста, ал біреуі 20 жаста.


Следующая →