Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Риддер тұрғыны полиция қызметкерін өлтірмек болған

27 жастағы азамат өзін учаскелік бөлімшеге апара жатқан тәртіп сақшысының тамағына пышақ тығып алмақ болған

Полиция қызметіне хабарласқан әйел адам өзін азаматтық некедегі күйеуі күштеп, пәтерде байлап ұстап отырғанын айтып шағымданған. Оқиға орнына екі учаскелік полиция қызметкерлері аттанған, артынша тағы бір тәртіп сақшысы қосылған.


Свинцовая мекенжайындағы пәтерге жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні тұтқындап, зардап шеккен азаматшаны тыңдап, ары қарай істің мән-жайын анықтау үшін екеуін де бөлімшеге алып кеткен. Алайда ерлі-зайыптылар жолда тағы шу шығармас үшін екеуін екі көлікке отырғызған. Тәртіп сақшылары тәртіп бұзған азаматты көлікке отырғызарда тінтімеген көрінеді. Осылайша үш полиция қызметкерінің қасында жуас тұрған ол көлік ішінде өзгеріп сала берген. Көлік тізгінінде отырған тәртіп сақшысын қылқындырып, қалтасындағы бәкісін алып шығып, мойнына тақаған. Абырой болғанда, сол сәтте көліктің артында тұтқындалған азаматтың жанында тағы бір азамат отырған көрінеді. Ол тек учаскелік полиция қызметкерінен мінездеме алу үшін бірге еріп бара жатқан. Осылайша азамат тәртіп сақшысының өміріне араша түсті. Полиция қызметкері тек аздаған жарақат алған.

Артынша анықталғандай бұл азамат бұған дейін де адам денсаулығына зиян тигізгені үшін жауапқа тартылып, бір жарым жыл жазасын түрмеде өтеген. Мамандандырылған аймақтық қылмыстық істер бойынша соты оны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.


Следующая →