Өскеменде екі геймердің кездесуі "қылмысқа" себеп болды
Видео ойын ойынағанды жақсы көретін жас жігіт "әріптесінің" қымбат ойын приставкасын алып қашқан
Оқиға бір күні бұрын Қабанбай батыр көшесіндегі аулалардың бірінде болған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- 1992 жылы туған жас жігіт келіп полицияға жүгінді. Ол 1991 жылы туылған танысының бағасы 150 мың теңге тұратын "Сони Плейстейшен" ойын приставкасын прокатқа аламын деп алдап кеткенін айтқан, - дейді Өскемен ТЖБ баспасөз қызметі.
Полицейлер жедел іздестіру ұйымдастырып, айлакерді бірден ұстап алған. Кейін белгілі болғандай, бұл азамат бұған дейін сотты болған.