Демалыс орнынан катамаран ұрлаған
Белгісіз біреулер Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы тұрақтан құны 180 мың теңге болатын су кемесін ұрлап кеткен
Бұқтырма жағасындағы демалыс базасының әкімгері таңертең катамаранды демалушыларға жалға бермек болған. Алайда катамаранның орнында тек құлып пен шынжыр қалған.
Бірақ тәртіп сақшылары ізін суытпай қаскөйлердің соңына түсті. Олар 34 және 20 жастағы қала тұрғындары болып шыққан. Күдіктілер өз кінәларын мойындап, катамаранды қайтарып берген. Дегенмен олар жазадан құтылмады.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қаскөйлерге қатысты ҚР ҚК "Ұрлық" 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.