ҚР СІМ бұрынғы жауапты хатшысы тұтқындалды
Анарбек Қарашев екі ай бойына қамаққа алынды
ҚР СІМ бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевке қомақты көлемде пара алды деген күдік тағылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Тергеушілердің пайымдауынша, күдікті өзінің қызметін пайдалана отырып, өзгенің қылмысын жасырған. Жемқорлық жоспарына қатысқан ол 10 млн теңге пара алған.
Жоғары лауазымды тұлғаның тұтқынға алынғандығы туралы ақпаратты Ұлттық бюро мәлімдеді.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Арест бывшего ответственного секретаря МИД РК Агентство по делам государственной службы и противодействию коррупции РК Чиновники Казахстана Коррупция в Казахстане