Өскеменде ұры ұсталды
Өскеменнің 38 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, ғашығының іс-түссіз кеткендігін және онымен қоса ақшасының да жоғалғандығын хабарлаған
Өскемендік 38 жастағы тұрғын өзінің ғашығын облыс орталығында кездестірген.
Ер азаматтың айтуы бойынша, ол өзінің ғашығымен танысқан. Олар бірге көңіл көтеруге бел буады. Алайда бойжеткен қайтып кеткеннен кейін ер азамат өзінің бес мың теңге көлемінде ақшасының жоғалғандығын анықтаған.
Тәртіп сақшылары жедел түрде бойжеткенді іздестіріп, оны ұстаған. Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, 40 жастағы әйел адамға қатысты ҚР ҚК 188-бабымен ("Ұрлық") қылмыстық іс қозғалды.