Мұғалім ғаламтор алаяғының құрбаны болды
Қаскөйлер азаматшаның әлеуметтік парақшасын бұзып, оның достарынан ақша талап еткен
Полиция бөлімшесіне келген қаладағы ЖОО-лардың бірінің студенті өз оқытушысының Kaspi-әмиянына ақша аударуын сұрағанын айтқан.
Содан кейін оқытушының өзі де полиция бөлімшесіне жүгінген. Студент терминал арқылы өтініш етілген соманы аударып жіберген. Бірақ содан кейін оған тағы да хабарлама келген. Бойжеткен бір шикілікті сезіп, оқытушысына қоңырау шалған. Анықталғандай, оқытушы оның әлеуметтік желідегі парақшасын біреулер бұзып, тізіміндегі барлық достарына осындай хабарлама таратылып жатқанын айтқан.
Тәртіп сақшылары халықты аса абай болуға шақырады.
Следующая →

- Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлайды Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі. - Терминал арқылы аударылған ақшаның мекенжайын анықтау мүмкін емес. Алаяқ басқа елде болуы да мүмкін.