Өскемен тұрғыны белгісіз біреуді тонап кеткен
Қалалық ішкі істер бөліміне 36 жастағы әйел келіп шағымданған
Ол жас қызбен бірге үйге аздап ішімдік ішкен. Кейін үйдің иесі масайып ұйықтап кеткен көрінеді. Оянса, үйдегі алтындары мен 150 мың теңге ақшасы жоқ болып кеткен.
Күдік бірден жас қызға түскен. Полиция қызметкерлеріне барып, оқиғаның мән-жайын айтып, "белгісіз қызды" сипаттап берген.
Ұры ұсталып, қолды қылған заттарының жартысын қайтарып берген. Ал қалғанын сатып ұстап жіберген. Кейін белгілі болғандай, 24 жастағы ұрлықшы қыз бұған дейін бірнеше рет сотты болған.
Тақырыптар:
Споила и ограбила Мошенники в Усть-Каменогорске Правоохранительные органы ВКО Кража в Усть-Каменогорске