Қазақстандық кеденшілер 5 тонна контрафактіні анықтады
Тауарлар кәріз люктерінде, қазандықтар мен басқа жерлерде жасырылған
Tengri News сайтында хабарлағандай, 27 сәуір күні таңертең "Хорғас" ШЫХО бақылау бекетінің аумағында шекарашылармен бірлескен іс-шаралар кезінде "Алтынкөл" кедендік бекетінде кедендік бақылаудан жасырылған тұтыну тауарлары (жалпы салмағы 5 525 килограмм болатын 277 бірлік) анықталды. Барлық тауарлар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды.
- Тауарды уақытша сақтау қоймасына орналастыру кезінде жергілікті тұрғындар шекара мен кеден қызметкерлеріне қарсы тұрды. Кедендік заңнама бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізгеннен кейін тұрғындар сабырға келді. Сонымен қатар, барлық тауарлар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Қазір ұсталған тауарларға байланысты тұлғалармен жұмыстар жүргізілуде, - деді кеден қызметкері.