Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Аңғал ресейлік азамат алаяққа алты рет алданған

Ангар қаласының 25 жастағы тұрғыны алаяққа 250 мың рубль (1 млн теңгеден аса) ақшасын беріп тынған

Жас жігіт жарты миллион рубль шамасында несие алғысы келіп ғаламтордағы сайтқа өтініш жіберген. Ал алаяқтар болса, жас жігітке хабарласып, ірі несие компаниясының өтінішті қанағаттандыру үшін 9 мың рубль ақша төлеу керектігін айтқан. Одан кейін кепілдік ретінде тағы да 39 мың рубль сұраған. Бұдан кейін алаяқтар несиеге алған қаржының жеткізу қызметіне 24,5 мың рубль төлеу керектігін айтқан. Аңғал жігіт мұны да құп көріп, төлем жасаған.

Ал аңқау жігітті басынған алаяқтар енді ақшаны жеткізуші делдалдың "басшысына" да ақша төлеу керектігін айтып, тағы төлем сұраған. Мұны төлеген соң ғана, жас жігітте күмәнді ой туып, "компанияға" қайта хабарласып, төлеген ақшаның барлығын қайтарып бер деп талап еткен.

Алаяқтар болса, ақшаңды толық алғың келсе кез келген банкке барып, есепшот аштырып, оған 100 мың рубль шамасында ақша салып, есепшоттың кілтсөзін айтуды өтінген. Жас жігіт болса, мұны да істеген. Содан кейін ғана полицияға барып, оқиғаның анық-қанығын жеткізген.

Сонымен, тұрғын алаяққа барлығы 236 мың рубль "жем" болған екен.


Следующая →