Қостанайда 12 бойжеткен құлдықтан құтқарылды
Қостанай облысындағы тіртіп сақшылары бойжеткендерді жезөкшелікке итермелеген топ мүшелерін қолға түсірді
Zakon.kz хабарлағандай, қазір 24 және 31 жас аралығындағы алты күдікті қолға түскен. Олардың арасында қыздар да бар. Қазір ҚР ҚК-ның төрт бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
18 бен 32 жас аралығындағы 12 бойжеткен осылайша жеңгетайлардың ойыншығына айналған. Қылмыскерлер қыздардың құжаттарын тартып алып, қорқытып ұстаған.
Следующая →
- Күдіктілер құрбандарын таныстары арқылы тауып отырған. Яғни, таныстары үйсіз-күйсіз, қорғансыз және ақшаға мұқтаж қыздарды көрсетіп отырған. Осылайша қыздарды пәтерге шақырып, ішімдік ішкізіп, артынша қорқыту арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, - дейді полиция қызметкерлері.
18 бен 32 жас аралығындағы 12 бойжеткен осылайша жеңгетайлардың ойыншығына айналған. Қылмыскерлер қыздардың құжаттарын тартып алып, қорқытып ұстаған.