Қырғызстаннан Ресейге бара жатқан автобусқа Қазақстанда оқ атылды
Атыс Ақтөбе қаласының маңында болған. Қазір қазақстандық полицейлер атыс ұйымдастырғандарды іздеп жатыр
Атыс сенбі күні түнде болған. Микроавтобус сынып қалғандықтан, жүргізуші жол бойына тоқтап, жақын маңынан қосалқы бөлшектер алып келуге кетіп қалған. Ал қайтып келсе, микроавтобус маңында атыс болғанын аңғарған. Бір жолаушы зардап шеккен. Ол ауруханаға жеткізілген.
Қолына қару алған белгісіз біреулер автобусқа қарақшылық шабуыл жасап, ақша мен алтын заттарды тартып алған.
Қазіргі уақытта жедел іздеу тобы құрылып, күдіктілер ізделіп жатыр. Қылмыстық істі Ақтөбе облыстық ІІД мен облыстық прокуратура өз қолына алды.
Ал зардап шеккен азамат Ресей азаматтығы бар Тәжікстан елінің тумасы болған. Ол Ресейге үйлену тойына бара жатқан.