Қытайда жасанды интеллект екі минут ішінде қылмыскерді ұстады
Skynet деп аталатын жүйе қала тұрғындарының бет-әлпетін анықтап, қылмыскерлерді ұстауға көмектеседі
Қылмыскерлерді жасанды интеллект арқылы іздеуге болады дегенге Гуйян қаласының полицейлері сене бастағандай. Камера мен ЖИ жүйесі арқасында құқық қорғау органдары қылмыстық әрекетті екі минут ішінде ұстап, рекорд орнатқан.
10 000-нан астам камералар мен жасанды интеллекттің арқасында операция барысында ұстау мүмкін болды. Полиция қызметкерлері іздеудегі адамның фотосуретін жүйеге енгізгенде, бірден қылмыскерді қала көшелерінің бірінен тапқан.
Жергілікті полицияның мәліметтері бойынша, жүйе сәйкестігі 90% дәлдікпен жұмыс істейді. ЖИ адамды қалың топ арасынан тапқаннан кейін, оның қозғалысын бақылай бастайды. Бұған қоса, жасанды интеллектпен жақын маңдағы патруль қызметкерлеріне қылмыскердің ұсталғандығы туралы дыбыстық сигнал келеді.