Ақмола облысындағы әкім жасөспірімді соққыға жықты деп айыпталуда
Баласының көзі көгеріп қалғанын көркен жоғары лауазымды әке, істі «еркекше» шешпек болған
Оқиға 22 ақпан күні Қорғалжың ауылындағы мектеп-интернатында орын алды. Баласын ренжіткен адамды табу үшін әкім интернатқа келіп, 8-сынып оқушысының бетінен және денесінен соққан. Зардап шегуші ес-түссіз ауруханаға жеткізіліп, кейін ата-аналары оны Астанадағы емханаға ауыстырады.
- Округ әкімі кінәсін мойындаса да, аудандық полициядан хабар келіп түспегендіктен әкімдік еш шара қолданбаған. Дүйсенбіден бастап тергеу амалдарына байланысты әкім бір айға жұмысын тоқтатады. Сол сияқты партиялық ұйым да шара қолданып, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хат жолданатын болады, - дейді жергілікті ауылдық округтің әкімідігінде.
14 жастағы Диас Мұқанның ата-анасы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне баланың Астана қалалық №2 ауруханасының нейрохирургия бөлімінде жатқанын айтты.
- Сынған жері жоқ, миы шайқалған, денесі зақымдалды. Бала өзін нашар сезінуде, басы ауырып, айналуда, - дейді жасөспірімнің ата-анасы.