Петр Гара есімді әртіс Мәскеудегі пәтерінде өлі күйінді табылды
35 жастағы жігіттің денесінен бес жерден пышақ ізі табылды
Мәскеу қалалық Тергеу комитетінің өкілі Юлия Иванова қылмыстық кім жасағанын анықтау мақсатында жедел іздестіру операциясы жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Тергеуші әнші жігіттің Әулие Валентин күні өлтірілген деген уәж айтады. Ал пәтер иесінің айтуынша, П.Гара мен жанындағы тағы бір жігіт екеуі пәтерді жалға алған. Пәтер иесі жалға алған жігіттерге хабарласып, телефонын ала алмаған. Содан кейін арнайы қызметке хабарласып, пәтердің есігін бұзып кірген. Ал жігіттің мәйіті ваннадан табылған.