Семей тұрғыны ноутбукты жөндемек болып, оны дүкенге өткізіп жіберген
33 жастағы күдікті өзін құрал-жабдықтарды жөндеуші шебер ретінде таныстырып, қала тұрғынынан оның компьютерін жөндеп беремін деп алдап алып қалған
Бірнеше күн бұрын 28 жастағы қала тұрғыны полицияға хабарласып, жөндеуге берген компьютерін қайтарып ала алмай жүргенін айтқан.
Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтамақ болып, аталған техника жөндеу орнына келіп, тұрғын берген ноутбуктің комиссиялық дүкеннің сатылымында тұрғанын байқаған. Кейін белгілі болғандай, «тапқыр» IT-маман ноутбукті жөндеп, оны сатылымға қойып қойған.
Полиция берген ақпаратқа сүйенсек, күдіктіге қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс ашылған.