"Додо пицца" сауда жүйесіне есірткі саудалады деген айып тағылуда
"Додо пицца" дәмханасының иесі Федор Овчинниковты есірткі саудасына байланысты тергеуге шақыртқан
"Додо пицца" пицца дәмханасының негізін қалаған азамат өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәскеулік ІІБ тергеушілерімен кездесуден алған әсерлерімен бөлісті.
Негізінен есірткілерді пицца дәмханасының қызметкерлері өздері тауып алып, дереу полиция қызметіне хабарлаған.
Федор Овчинников қорғаушымен ақылдаса келе, бұл іске көптің назарын аудартып, өзіне жала жабылғандығына арыздану туралы шешім қабылдаған.
Следующая →
- Өткен аптада менің ұялы телефоныма Оңтүстік Медведководан тергеуші хабарласып, "пицца дәмханасындағы есірткі саудасына" байланысты іс бойынша куәгер ретінде шақырды. Мен өткен жылдың соңында мәскеулік пицца дәмханаларының бірінің әжетханасынан тыйым салынған заттардың табылғандығы туралы ақпаратты білетінмін, - деп жазды кәсіпкер.
Негізінен есірткілерді пицца дәмханасының қызметкерлері өздері тауып алып, дереу полиция қызметіне хабарлаған.
- Петровка, 38-ге Пронина Е.В. деген азаматшадан жазбаша және электронды түрде айыптау арызы түседі. Ал тергеушінің айтуынша, ол азаматшамен ешкім де көзбе-көз сөйлеспеген. 1 қарашада арыз ФҚҚ-ға, 9 қарашада, сот штампына қарағанда, ҚІІБ-ға түскен. 23 қарашада Медведководағы пицца дәмханасының қызметкерлері люктен тыйым салынған заттар бар қалташасын тауып алған. Әрі қарай полиция қызметкерлері басқа да пицца дәмханаларынан осындай қалташалар тауып алған. Бірақ бұл туралы мен де, франчайз де бұл туралы білмейді. Мені және серіктес-франчайзды тергеуге шақыртты. Тергеушінің айтуынша, ары қарай нақты пицца дәмханаларының ісі біріктіріліп, жоғарыға жіберілетін көрінеді. Енді не болады? Куәгер оңай ғана күдіктіге айналуы мүмкін, - деп түсіндіреді кәсіпкер.
Федор Овчинников қорғаушымен ақылдаса келе, бұл іске көптің назарын аудартып, өзіне жала жабылғандығына арыздану туралы шешім қабылдаған.
Тақырыптар:
Обвинение Федора Овчинникова в торговле наркотиками Сеть пиццерий "Додо пицца" Правоохранительные органы России