Пәкістанда тұрмысқа шығудан бас тартқан қызды атып кетті
Мұны беделді саяси қызметкердің әйелі бар інісі істеген
Асма Рани Абботтабад медициналық институтының студенті, деп хабарлайды Караван сайты. Демалыс күндері студент Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы үйіне қайтып келгенде, өңірлік Пакистан қозғалысы бөлімінің басшысы Имран Ханның бауыры Муджахидуллах Афридимен кездескен.
Африди қызға ұсыныс жасаған. Жігіттің әйелі барын білген Асма бұл ұсынысты қабыл алмады. Бірнеше күннен кейін үйінен шығып келе жатып, қыз жігіт пен оның ағасын көреді. Әңгімеге уақыт жұмсамай, олар ата жөнелген. Қыз үш жерден оққа ұшты. Бірнеше сағаттан соң қыз қылмыскерлердің атын атап, жан тапсырды.
Қыз 28 қаңтар күні көз жұмсаса да, соңғы сөздері бейнеге түсіріліп үлгерген. Полиция қанішерлерді сол күйі ұстамады. Оқиға кең жарияланды. Журналистер жасырынып жүрген провинция басшысы Первез Хаттакуден жауап ала алмауда.