Солтүстік Қазақстанда ер адам өзінің нақсүйеріне қол жұмсаған
Өзінің нақсүйерін өлтіргеннен кейін өз-өзіне қол салған
Оқиға Ұзынкөл ауданы, Ершовка ауылында болған. 60 жастағы ер адам өзінің 47 жастағы нақсүйерінің әлеуметтік желі арқылы біреумен сөйлесіп жүргенін байқаған. Ал қызғаныштан «өліп кете жаздаған» қостанайлық тұрғын нақсүйерін өлтіріп тынған.
Ал бұдан кейін ол өз-өзіне қол салған. Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі де бұл оқиғаны растап отыр.