Өзбекстанның Әндіжан қаласының әкімі Ділмұрод Рахматуллаев мектеп пен колледж директорларының мақта жинау науқанына аз оқушы бөлгеніне ашуланған
Ал оқиға 2017 жылы 16 қазанда болған, деп хабарлайды Ca-News.org сайты.
Оқу мекемелерінің басшыларымен кездесу барысында оларды «нақұрыс», «есек», «қорқау», «мақұлық», «оңбаған» сынды балағат сөздерді айтып қорлаған. Ал ата-аналарға «қарғыс» жаудырған.
Рахматуллаевтың бұл әрекеті тексеріле келе, оған «Жәбірлеу» бабы бойынша іс қозғалып, 30 АЕК көлемінде (200 мың теңге шамасында) айыппұл салынған.