Ташкентте 10 жыл бойы ауру малдың етін сатумен айналысқан банда ұсталды
Олар ауру малдың да, өлген малдың да етін сата берген. Арасында есектің де еті бар
Қылмыстық топ мал дәрігерімен, алыпсатарлармен, қасапшыларға жақын байланыс ұстап, қай жерде өлген, ауру малдың еті барын біліп отырған.
Өлген, ауру малдың еті туралы айтқандарға 15-50 мың сом (600-2000 теңге) шамасында сыйақы беріп отырған. Ал ауру малдың етін келісін 10-15 мың сомға (400-600 теңге) сатып алған. Чырақчын ауданының мал дәрігерлері қажетті құжаттарын дайындап беріп отырған.
Етті өңдей отырып, оны Ташкент базарларында келісін 25-30 мың сомнан (1000-1200) сатып, табыс тапқан. Ал күніне 3-4 малдың еті өтіп кететін көрінеді.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалуда. Олар екі жылға сотталуы мүмкін.