Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Токиолық Кото ауданында белгісіз адамның шабуылынан бір әйел қан жоғалтып қаза тапты
Бұл туралы Киодо агенттігі хабарлайды.
Мұнымен қоса тағы үш адам зардап шеккен. Бірінің дені қалыпты болса, екеуі ауруханада ес түссіз жатыр.
Деректер бойынша, полиция оқиға орнынан қанға боялған катана мен аңшылық пышағын анықтаған. Зардап шеккендердің бірі қолынан 50 см-ге жететін жарақат алған.
Оқиға синтоистік Томиока Хатиман ғибадатханасының төңірегіндегі теміржол станциясына жақын маңда болған. Болжам бойынша зардап шеккен төрт адамның діни мекемеге байланысы болған.
Қазіргі уақытта полиция қаскүнемді іздестіруде.