2017 жылы 70 адам ШҚО полициясын азаптауға айыптады
Республикадағы бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан бірінші орын алып тұр
ҚР Бас прокуратурасымен жүзеге асырылатын, «Қоғамға азапсыз» жобасына Шығыс Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары Алан Тленчиев өз пікірін айттып, деп хабарлайды zakon.kz сайты. Оның айтуынша, ШҚО үшін бұл жоба ерекше маңызға ие.
2016 жылы күдіктілерге зорлық көрсеткен құыққорғау органдарына қатысты 117 арыз тіркелген. 2017 жылы бұл көрсеткіш 40 пайызға төмедеген. 1 қараша күні мұндай 70 арыз тіркелген.
Тәжірибе көрсеткендей, зардап шегушілердің басым бөлігі полиция мекемесінде зорлық көрген. 70 жағдайдың 58-і қатысты. Тағы жеті жағдай түзету орындарына, үшеуі уақытша ұстау изоляторына және бір жағдай жеке пәтер көшеде орын алған.
- Ішкі істер органдарының мекемесінде азап фактісіне жол бермеу үшін қосымша 123 камера орнатылды. Ал жауап алу үшін 90 ашық кабинеттер ашылды. Сол сияқты әрбір полиция бөліміне кезекші прокурор тағайындалды. Өкінішке орай азап қолданды деген әрбір күжіктіге кезекші прокурор тағайындай алмаймыз. Біз азаптауға жол бермеу үшін барлық жағдайды қалыптастыруға тырысудамыз. Сол сияқты ешкімнің ойына мұндай жолға сенуге жол берілмейді, - дейді Алан Тленчиев.
Сол сияқты ол қылмыстық түзету жүйесі нысандарына жуықта 586 камера орнатылатынын айтты.
Следующая →