Американдық түнгі клубтардың бірінде атыс болды
Белгісіз екі азамат Гэри (Индиана) қаласындағы түнгі клубтардың бірінде атыс ұйымдастырды. Атыс нәтижесінде жеті адам жарақаттанған
Түнгі клубқа екі қарулы азамат келіп, атыс ашқан. Жеті адам бірден жараланса, тағы біреуі тығылмақ болған кезде жараланған.
Қазір зардап шеккендердің барлығы ауруханаларға жеткізілді. Көбінің жағдайы қалыпты көрінеді.
Күдіктілердің бірі қолға түсті. Екіншісі іздестірілуде. Оқиғаға не себеп болғаны және мән-жайы анықталу үстінде.
Следующая →