Жамбыл облысындағы атыстан 7 адам жараланып, бір адам қаза тапты
Аса және Құмтиын ауылы тұрғындарының арасындағы қақтығыста бір адам қаза тауып, жетеуі жарақат алған
Полиция деректері бойынша, дүйсенбі күні кешке «Аса ауылынан Құмтиынға дейін автокөлік жолаушылары арасында кикілжің туындап, ол түнге дейін жалғасқан».
- Нәтижесінде Аса мен Құмтиын ауылының азаматтары арасында жанжал туындап, ол қарулы қақтығысқа ұласқан. Кейін Орталық аудандық ауруханаға жеті адам келіп, жарақат алғанын айтқан. Ал кеудесінен жарақат алған Қаракемер ауылының тұрғыны оқиға орнында көз жұмған, - дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған іс республикалық Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 тармағы бойынша Бірыңғай соталды тергеу тізіліміне алынды.