Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Талдықорғандағы тәрбиешілер сиқыршының балаларды дуалап жүргенін айтады

Талдықорғандағы балабақшаның тәрбиеленушілері сиқыршының балаларды дуалап кеткенін айтқан.

Тәрбиешілер балабақша ғимаратының ішінен әр жерден себілген тұз бен көкнәрдің үйінділерін тауып, "мұны кім септі" деп іздей бастаған. Алайда бейнебақылау камераларын тексеріп шығып, мұның кім екенін анықтай алмаған.

Тұз бен көкнәрдің қосындысы төсек пен шкаф ішінен де табыла бастаған. Бірнәрседен қатты күдіктенген педагогтар ғаламтор арқылы сиқыршылардың әдіс-тәсілдері жайында мәлімет іздеп, мұны тек сиқыршылар ғана жасауы мүмкін екендігіне көзі жеткен.

- Бұл жайында ғаламтордан оқып, шашым тік тұрды. Сиқыршылар біреуді азғандау үшін, қарғыс жіберу үшін тұз бен көкнәрді араластырып, үйдің маңайына сеуіп тастайды екен, - дейді №5 балабақшаның тәрбиелеушісі Мадина Бейсебекова.

Балабақша директоры полиция қызметкерлеріне жағдайды түсіндіріп, сиқыршыны табуды өтінгенімен, полицейлер арыздың негізсіз екендігін айтып, орындаудан бас тартқан.

- Полиция майоры келіп ғимаратты көріп шықты. Бізді де тыңдады. Алайда бұл іспен айналыса алмайтындығын айтты. Мұны естіген қызметкерлеріміз уайымға беріліп, мазалары қаша бастады, - дейді Гауһар Нұрахжанов.

Полиция қызметкерлері қылмыстың ешқандай белгілерін таппаған соң, істі тергеуден бас тартқан. Ал педагогтар болса, білікті бақсылар мен көріпкелдерге жүгінуді жоспарлап отыр. 

Следующая →