Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Францияда саяси қылмыс ұйымдастырмақ болған адамдар ұсталды

Француз полициясы үкімет баспасөз қызметкеріне, президенттіке үміткерге және мешітке шабуыл жасамақ болған он экстремистерді ұстады

Саясаткерлер мен мешітке шабуыл жасамақ болған экстремистер елдің оңтүстік шығысы мен Париж түбіндегі аймақтан ұсталған.

Ұсталғандар 17-ден 25 жас аралығында. Олар 9 ер баладан және бір қыздан құрылған. Олар террористік топқа қатысты деп айыпталуда. Тергеу нұсқалары бойынша, олар нысанға Франция үкіметінің ресми өкілі Кристофер Кастанер, «Бағынбаған Франция» қозғалысының жетекшісі, соңғы президент сайлауында үміткер болған Жан-Люк Меланшонды алған. Сонымен қатар қаскүнемдер мигранттар мен мешітке шабуыл жасамақ болған. Шабуылға дайындық енді басталған көрінеді.

Ұсталғандар ұлттық монархтық «Францсуз әрекеті» ұйымының бұрынғы белсендісі Логан Н.-мен байланысы болуы мүмкін. Ол маусым айында қамауға алынған болатын. Әлеуметтік желіде ол норвег терроры Андерс Брейвикті ұлықтап, джихадистер мен мигранттарға қарулы шабуыл ұйымдастыратыны туралы жазған.

Следующая →