Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өзінің тойы өтетін күні әйелді қағып өлтірген оралдық полиция сотталды

Орал соты бұрынғы полиция қызметкерін бес жылға бас бостандығынан айырды

- Самат Наурызов 345-баптың 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі минималды деңгейдегі колонияға бес жылға бас бостандығынан айрылсын, - дейді сот Сұлуханым Қадыралиева.

Сонымен қатар полиция қызметкері 5 жылға автокөлік жүргізу құқығынан айрылып, зардап шегуші жаққа 10 млн теңге көлемінде өтемақы төлейді.

Полиция қызметкері 22 маусым күні «Хьюндай Туксон» автокөлігімен екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. ЖКО нәтижесінде 43 жасар 4 баланың анасы қайтыс болып, 22 жасар асыранды қызы ауыр жарақаттарымен ауруханаға түскен. Қазіргі уақытта қыз сауықтырудан өтуде. Өзі жүре алмайтын қызға ота жасалады.

Қаза тапқан әйел жанұясымен бірге Ақтөбе қаласынан туыстарының тойына келген. Дәл сол күні 37 жасар полиция қызметкері өзінің тойын өткізу керек болатын. ЖКО әйелінің көлігімен жасалған.
Следующая →