Алматыда балалардың мәйітін тоңызытқышта сақтаған жұп ұсталды
Сот барысында істің мән жайы айтылды – Алла Волченконың азаматтық күйеуі ұйқы бермеген бір жасар егіздерді тұншықтырып өлтірді
Жұптар екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.
Қазақстанда заңсыз өмір сүріп жатқан Өзбекстан азаматы әйелін үлкен ұлымен қыдыруға жіберіп, қылмыстық ойын жалдамалы пәтерде жүзеге асырған.
Осыған дейін хабарланғандай, 11 қыркүйек күні Алматы пәтерлерінің бірінде тоңазтқыштан екі баланың мәйіті анықталған.
Полиция қызметкерлері келесі күні Алла Волченко мен Эмиль Гильмутдиновты ұстады. Жұбайлар өз кінәларын мойындап, балалардың ұйықтауға кедергі болғандарын қылмыс себебі ретінде түсіндірді.
Тергеу жалғасуда.
Следующая →