Бұрынғы ҰҚК басшысы 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Ақмола облыстық әскери соты Нартай Дүтбаевты кінәлі деп тауып, 7 жыл 6 айға ас бостандығынан айырды
Ақмола гарнизоны әскери сотымен 2017 жылы 24 тамызда Н.Т. Дутбаев және басқаларына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Сот талқылауы жабық түрде өткізілді.
Сот үкімімен Н.Н. Дутбаев ҚР ҚК 172-бабына сәйкес, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария еткені үшін және қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдаланғаны (ҚР ҚК-нің 451бабы) үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Н.Н. Дутбаевты «генерал-лейтенант» әскери шенінен және мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізілді.
Р.Ж. Муратов ҚР ҚК-нің 117, 451-баптарында көрсетілген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Н.Б. Хасен мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария еткені үшін (ҚР ҚК-нің 172-бабы) және қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдаланғаны (ҚР ҚК-нің 308-бабы) үшін кінәлі деп танылып,мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізілді.
Е.С.Нуртаев мемлекеттік құпияларды жария етуге қатысқаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Следующая →
Тақырыптар:
Судебная система в Казахстане Комитет национальной безопасности РК Военный суд Казахстана Нартай Дутбаев