Оралда ер адам екі әйел мен бір баланы пышақтап өлтірген
Екі әйел мен үш жасар баланы өлтірген күдікті 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін
Күдікті 5 қыркүйек күні Меловые горки ауылында ұсталды, деп хабарлайды «Мой город» сайты. - 1993 жылғы ер адам қамауға алынып, мойындау куәлігін берді, - дейді полиция.
- Ұсталған адамның айтуынша, ол қызғаныштан адам өлтіруге барған. Ол өлтірген баланың анасымен бірге тұрмақ болған, бірақ әйел бас тартады. Жігіт ең алдымен үй иесінің құрбысын, кейін баласын өлтіреді. Кейін қыздың үйге кіргенін тосып, пышақтап тастаған. Әрбір өлген адамның денесінен 18-жен астам пышақ ізі табылды. Түнгі 2-4 аралығында орын алған қылмыс ізін жасыру үшін ол үйге өрт қойған.
Күдікті 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.