Samsung басшының орынбасары 5 жылға сотталды
Сеулдің округтің соты бүгін Samsung компаниясы төрағасының орынбасары Ли Чжэ Енді бес жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды
Кәсіпкер Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хеге пара берді деп айыпталып отыр. Компанияның тағы екі қызметкері төрт жыл бас бостандығынан айырылды.
Тексеріс нәтижесінде Кореяның бұрынғы президентінің құрбысы Чхве Сун Сильдің жеке есепшотына компанияның есепшотынан 43,3 млрд вон ($38 млн) қаражат аударылғаны белгілі болған. Прокуратура компанияны бұл параны мемлекеттік көмек алу үшін жасағанын айтады.
Еске сала кетейік, Ли Чжэ Ен 2017 жылдың ақпан айында тұтқындалған болатын. Ал 2016 жылдың күзінде БАҚ өкілдері Чхве Сун Сильдің мемлекеттік басшысына ықпалының тым жоғары екендігін әрі мемлекеттік маңызды істерді өзі қабылдайтындығын жазып, билікке қатысы жоқ адамды айыптаған болатын. Әйел тұтқындалып, үш жыл бас бостандығынан айырылды.
Следующая →