Қостанайлық зейнеткердің үйінен қару жарақ арсеналы тәркіленді
Қостанайда заңсыз қару сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғындардың бірі ұсталды
76 жастағы зейнеткердің үйінен нағыз қару-жарақ арсеналы анықталды: 7 тапанша, екі кіші калибрлі мылтық, 600-ден астам оқ дәрі, Макаров тапаншасының қорапшалары, дыбыс бәсеңдеткіш, қару шүйделері, банкалар толы дәрілер, пышақтар мен тапанша қаптары табылған.
Ер адамды ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған.
Аталған фактілер бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тәркіленген қарулар балқытуға жіберіледі.
Тақырыптар:
Изъятие оружия в Казахстане Работа правоохранительных органов в Казахстане Оружие в Казахстане