Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Павлодар шенеуніктері қызметтік көлікті жеке мақсатқа пайдаланған

2017 жылдың мамыр айында жүргізілген рейд кезінде Павлодар облысының шенеуніктері қызметтік көлікті жеке істеріне пайдаланғаны анықталды.

      ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алды алу басқармасының басшысы Ардақ Балғожиннің айтуынша, қызметтік көлікте түнде немесе демалыс күндері жүру бойынша төрт факті анықталған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 
     - Мәселен, 6-мамыр күні сағат 01:15 Бекхожин көшесінде «Павлодар ауданы әкімдігінің коммунсервис» ЖШС-не тиесілі «Тайота» көлігі тоқтатылды, - дейді спикер. - Көлік ішінде жүргізушіден басқа, тағы да екі жолаушы болған. Келесі күні жексенбіде сағат 18:40-та Павлодар-Семей бағытында, Ямышев ауылының жанында Аққу ауылына бет алған «Лада» темір тұлпары ұсталды. Көлік Лебяжі ауданы ветеринария бөліміне тиесілі болып шықты.
       Бұдан басқа, сағат 11-де Железин ауылдық аймағы әкімі аппаратының Skoda Rapid автокөлігі аудан орталығындағы «Мәди» дәмханасының жанында назарға іліккен. Сағат 12-де екі жолаушысы бар аталмыш көлік орнынан қозғалған. Кейін жүргізуші болмауына байланысты қызметтік көлік аппараттың бас маманына тіркелгені белгілі болды. Ер адам дәмханаға өндірістік жұмыс үшін дәнекерлеушіні әкелгенін айтып ақталған болса, жазбаша берген жауабында дәмхана қасына шинаның қысымын тексеруге тоқтағанын мәлім еткен. Нәтижесінде рейдке қатысушылар «Мәди» дәмханасы Железин ауылдық округі әкімінің ағасының иелігінде екенін анықтаған. Сондықтан тәртіп сақшылары маманның ауызша берген жауабын дұрыс деп тапты.
Следующая →