Астанада туыстарының атынан несие алған ер адам ұсталды
Астанада орналасқан мекеменің 25 қызметкері өздерінің атынан заңсыз онлайн-несие рәсімделгенін айтып, полицияға шағымданған
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 21 жастағы Астана қаласының тұрғыны ұсталған. Кейін полицейлер жас жігіттің мекемеде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші маман ретінде жұмыс істегінін, сол арқылы жеке басқа қатысты ақпараттарды жинағанын анықтаған. Ол электронды құжаттар арқылы 10-50 мың теңге аралығында онлайн-несиелер алған.
25 қылмыстық дерек бойынша іс қозғалып, алаяқтық әрекет ретінде айыпталуда.