Ақтөбеде ресейлік бизнесмендерге шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды
Зергерлік бұйымдармен айналысатын бизнесмендерге шабуыл жасаған қарулы қылмыстық топ құқыққорғау органдары қызметкерлерімен залалсыздандырылды
ІІД дүйсенбі күні жарялаған ақпаратқа сүйенетін болсақ, Қазақстанның бір азаматшасы мен Ресейдің екі азаматына 22 шілде күні шабуыл жасалған.
Бетперде киіп алған үш қылмыскер 2 қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, қарумен ақша және әшекейлер жасырылған сейфті талап еткен.
Қылмыс орнына облыстық ІІД және Ақтөбе қалалық ІІБ криминалды полиция қызметкерлері жедел жеткен.
Қаруланған қылмыскерлер айбат көрсете қарсыласып, полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған. Алайда, ақыры қарусызданды. Зардап шеккендер жағынан қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ, - дейді хабарландыруда.
Нәтижесінде осыған дейін тонау, шабуыл және ауыр дене зақымын тигізіп бірнеше рет сотталған Ақтөбенің үш тұрғынынан құрылған топ ұсталып, залалсыздандырылды.
Қылмыскерлерден 9 мм калибрлі қару оқ дәрілерімен, бетперделер, құрбандарды байлайтын скотч және өзге де айғақтар тәркіленді. Үшеуі де қамауға алынды.
Қазірдің өзінде олар ондаған миллион теңге залал әкелген тағы алты қылмыс ашылып отыр.