ОҚО-да шенеуніктер 7 миллион теңге парамен ұсталған
ОҚО-ның тексеру комиссиясының төрағасы және оның бас аудиторы пара алу үстінде қолға түскен
23 шілде күні Оңтүстік Қазақстан облысының жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының департаменті тексеріс бойынша оңды акт жазып бергендігі үшін 7 млн теңге пара алған ОҚО-ның тексеру комиссиясының төрағасы С. Шалабай мен оның бас аудиторы Б. Кудияровты әшкереледі.
С. Шалабай Шымкент ақалысының ІІБ уақытша қамау изоляторына тоғытылды.
- Кінәсін толық мойындап, қылмысты әшкерелеуге көмектескендігін ескере отырып, Б.Кудияров тұтқындалған жоқ, - деп мәлімдедә мекеменің баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тексеру шаралары жүргізілуде.
Следующая →