Мысырда 28 адам өлім жазасына кесілді
Мысыр астанасының қылмыстық соты сенбі күні 2015 жылы елдің бас прокуроры Хишам Баракаттың өлімі бойынша айыпталушы 28 адамды дарға асу арқылы өлім жазасына кесу үкімін шығарды
Аталған қылмыс бойынша 67 адам тергеуде болған. Оның 16-сы қашып жүр. Олардың басым көпшілігі елде тыйым салынған және терросристік топтарға жатқызылатын "Мұсылман бауырлар" қозғалысына тиесілі.
2015 жылы маусым айында Каирде Мысырдың бас прокуроры Баракат өлтірілген болатын.