Батыс Қазақстанда атыс болды
Құқыққорғау органдарының қызметкерлері алты адам зардап шеккен атысқа қатысқандардың барлығын ұстады
Қазіргі уақытта қылмыс ашылды, барлық күдіктілер анықталды, дейді облыстық Ішкі істер департаменті криминалды полиция басқармасының жетекшісі Алтынбек Қалиев.
А. Қалиевттің айтуынша қаза тапқандар жоқ, ал жараланғандар бар.
Ол бұл қылмыстың егжей-тегжейін айтып өтті.
- Өткен түнде Құрық ауылының 19-20 жасар жігіттері төбелескен. Көмекке 22-23 жасар үлкендер шақырылған. 10-15 адамнан тұратын бір топ жігіт Құрық ауылынан тысқары шығып, төбелес барысында мылтықпен екі рет оқ атылған, - дейді ол.
Қазір күдіктілерге қатысты сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілердің қанша екенін полиция да анықтап айтпады.