Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Тәркіленген ақша иесіне қайтарылады

Қытайдан келген оралманнан тәркіленіп алынған 40 мың доллар бойынша іске нүкте қойылды

Сәуір айында Қытай Халық Республикасынан елге қайтып келе жатқан Гүлжан Мәуітхан есімді қандасымыз «Майқапшағай» кеден күзеті тоқтатқан. Кеден қызметкерлері азаматшадан мағлұмхатқа енгізілмеген 40 мың АҚШ долларын анықтаған.

Азаматшаның өзінің айтуынша, ол Қытайдағы үйін сатып, сол ақшаға Астанадан баспана аламын деп әзірлеген. Ал шекарадан өту барысында ақшаны декларациялау керектігі туралы хабарсыз болып шыққан.

Нәтижесінде кеден қызметкерлері «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастап, ал Зайсан аудандық соты Мәуітханды кінәлі деп тауып, ақшаны мемлекет кірісіне тәркілеген. Кейін апелляциялық саты аудандық сот шешімін жоққа шығарды. ШҚО прокуратурасы істің мән-жайымен танысқаннан кейін азаматшаның ақшаны Қытайдан ұрлық жолымен алып шықпақ болмағанын және қылмыстық әрекеттің болмағандығын анықтаған.

- Мәуітхан ұзақ уақыт бойы қаржыны жинап, өз мүлкін сатып, оралман мәртебесін алған, - дейді ШҚО прокуратура маманы. - Ал шекарадан асқан сәтте, оны экономикалық контрабандаға қатысы бар деп, ақшасын тәркілеген. Бұндай жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту әділеттілік қағидаларына кереғар келмек.

Енді қандасымыздың тәркіленген ақшасы толық қайтарылатын болады. 



Следующая →