Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Педофил ретінде жалған айып тағылған қазақстандыққа 5 млн теңге өтемақы төленді

Педофил ретінде айыпталған қазақстандық екі жарым жылын темір тордың ар жағында өткізген

Алматы қаласының Түркісіб аудандық сотының қарауымен 15 жылға бас бостандығынан айырылған азаматқа жалған жазаланғаны үшін 5 млн теңге өтемақы төлеуге үкім шығарған.

Азамат 2013 жылы 31 қазан күні он төрт жасқа толмаған қыз баламен зинақорлық жасады деп айыпталып, 2014 жылы 15 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Аппелициялық сотқа шағымданған азаматтың талап арызы қанағаттандырылып, 2016 жылы қайта тергеуге жолданған. Ал 2016 жылдың 3 шілдесінде қылмыстың деректік мәліметтері болмаған соң, қылмыстың орын алмағандығы жөнінде шешім қабылданған.

Түрмеде отырғанда азаматтың денсаулығы нашарлаған, жанұясынан ажырасып кеткен, өгей әкесі қайтыс болған. Соған байланысты ол моральдық өтемақы талап еткен. Сот азаматтың арызын жартылай қанағаттандырып, ҚР Қаржы министрлігінен материалдық өтемақы ретінде 2 млн 362 мың теңге, сот шығындары үшін 340 мың теңге төлеуге үкім шығарылған. Кейін тағы да 3 млн теңгеге моральдық өтемақы төлеуге шешім қабылдаған. 

Следующая →