Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Бөтелкелес досының жеті жасар қызын масқаралаған

28 жасар қаскөй қыздың өгей әкесімен ішімдік ішкен, ал ол ұйықтап қалған сәтте досының өгей қызына «Жапония» деп аталатын эротикалық ойын ойнауды ұсынған

Азаматтар дүкен маңында танысып, артынша бірінің Гоголя көшесіндегі үйіне аттанған. Бір сағаттан кейін үй иесі ішімдікке сылқия тойып ұйықтап кеткен. Ал оның азаматтық некедегі әйелінің жеті жасар қызы қараусыз қалған.


Үй иесінің жаңа досы қолайлы сәтті пайдаланып қалмақ болып, балаға ойын ойнауды ұсынған. Ойнаудан бас тартқан қызды күштеп шешіндірген.

Кешкісін жұмыстан келген анасы болған жағдайды естіп, дереу полиция қызметіне шағым түсірген. Қаскөй азамат сол күні тұтқындалды.

Ал сот барысында күдікті қыздың киімін өзі шешкенін айтып, тағылған айыпты жеңілірек түріне ауыстыруды өтінген. Сонымен қатар, ол балаға ешқандай физикалық зорлық жасамағынын мәлімдегенімен, сараптама және келтірілген дәйектер оның сөзін жоққа шығарды.

Аса ауыр қылмысы үшін сот азаматты 15 жылға ерекше режімдегі түзету колониясында бас бостандығынан айыру жазасына кесті. 

Следующая →