Қызылорда тұрғыны діни араздық туғызғаны үшін айыпталды
Қызылорда соты жергілікті тұрғынды әлеуметтік желіде діни араздық туғызғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырды
26 жастағы тұрғын ҚР Қылмыстық Кодексінің 174-бабы, 1-тармағы бойынша айыпталып отыр. Діни араздық туғызғаны үшін екі жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Полиция деректеріне сүйенсек, деструктивті ағым өкілі бола отырып тұрғын әлеуметтік желідегі ресми парақша арқылы діни ақпараттар таратқан, сол арқылы діни араздық туғызуға саналы түрде әрекет еткен.
Полиция қызметкерлері тергеу барысында дәлел ретінде желіде тараған аудиожазбаны тапқан.