Семейде «жәрдем» көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан тұрғын тергеуге алынды
Оқиға сейсенбі күні түнде Дулатов көшесінің бойында болған
Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі семейлік тұрғынның өзін соққыға жыққандығы жөнінде келіп полицияға арыз жазған.
Семейлік тұрғын көлік тұрағы үшін сөзге келген. Қымбат көлік мінген ашулы жүргізуші жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін «жолымды бөгедің» деп қоқан-лоқы жасаған.
- Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 1-бөлімінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс ашылды. Барлық жағдай анықталуда, - дейді Семей ІІБ баспасөз басшысы Елубек Оспанов.
Аталмыш қылмыстық іс бойынша, Семей тұрғыны 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, көлік тұрағы Семей тұрғындары үшін қашанда мәселе болатын.