Қала прокуратурасы Виноградов көшесінде болған екі жігіттің өліміне қатысты тың деректерді жариялады
Екі жігіттің өліміне бір емес бірнеше адамдар кінәлі, алайда олардың кәнісі медициналық сараптама әлі дәлелдеген жоқ
Виноградов көшесінде 14 мамыр күні болған жантүргішерлік өлім оқиғасын көрген куәгерлерге әлі іздестіру жариялануда.
Полиция оқиғаның ізіне түсе отырып Күршім ауданының 19 жасар тумасына күдігі түскен. Алайда қаза болған жігіттің ана-аналары бір емес, бірнеше адамның іске араласқанын айтып отыр. Оны өлерінің алдында Тілек Семсерхан айтып кеткен.
Қала прокуратурасы істің мәнжайына үңіліп, бірнеше күрдіктіні ұстаған. Олардың барлығы 18-19 жасар жігіттер. Алайда олардың кінәсін дәлелдеу әлі мүмкін болмай отыр.
- Қазіргі уақытта екі бірдей қылмыстық бап бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандардың кінәсі медициналық сараптама қорытындысы шыққан соң белгілі болады, - дейді қалалық прокуратураның қылмысты істі тергеу бөлімінің бас прокуроры Диас Жансейітов.
Ал қаза болғандардың туыстары күн сайын оқиға орнына келіп қандай да бір куә мен дерек табуға үміттеніп жүр.
Туыстарының айтуынша Жасұлан Құмарбеков пен Тілек Семсерхан айырылмас достар болған. 19 жасар Тілек университетке енді оқуға түсуге дайындалып жүрген, ал 23 жасар Жасұлан жаңа жұмысқа кіргелі отырған. Алайда жас жігіттердің арманы күл болды...