Зырянда адам өлді: Зейнеткер өз ұлын пышақтап тастады
Ер адам өз туысын өлтіріп тастап, түк болмағандай ұйықтап қалған
ШҚО Қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық соты өз ұлының денесіне пышақ сұғып алған Зырян тұрғынына үкім шығарды. Қылмыс мамыр айының соңында Шолохова көшесінде орын алды.
63 жасар ер адамға ұлы мен күйеу баласы келгенде, үй иесі мас болған.
Отағасы асханада арақ ішіп отырған кезде, жігіттер сыра ішіп, жарнамадан сатылатын көліктер тізімін қарауда болған. Егде жастағы зыряндықтың ойына не келгені белгісіз, бірден баласын шығарып салуға асыққан. Ашуға булыққан әкесі асхана пышағын шап беріп, ұлының кеудесінен соққан.
Жедел жәрдем бірден келген, бірақ зардап шегуші фельдшердің тырысқанына қарамастан жолда көз жұмды. 20 минут өтер-өтпестен полиция қылмыскерді қамауға алған. Еркек оқиғадан кейін бірден ұйықтамақыға кеткен.
Кейін сот барысында ол баласының ақша сұрап есін шығарғаны туралы айтқан. Ең басында баласына қаржылай қолдау көрсетпек болып, зейнетақы есебіндегі ақшаны шешіп беруді ойлаған-мыс. Кейін райынан қайтқан.
Қылмыстық істің бар жайын тыңдап сот үкім шығарды – ер адамды барынша қауіпсіз мекемеге сегіз жарым жылға бас бостандығынан айырды.