Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде 19 жасар жігіт ер адамды пышақтап тастаған

Полиция қызметкерлерінің пайымдауынша, пышақ жарақаты салдарынан тағы бір азамат зардап шегіп, ауыр халде ауруханада жатыр

Қылмыс 15 мамырда, Виноградов көшесі бойында таңғы саңғы төрт шамасында орын алған.


ШҚО ІІД хабарлауынша, үш жас азамат арасында қақтығыс орын алған.Қақтығыс барысында 19 жастағы қала тұрғыны екі ер балаға пышақ жарақатын салған. Оның салдарынан бір адам оқиға орнында мерт болып, екіншісі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.


- Криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскерді құрықтады, - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» және ҚР ҚК 106-бабы «Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат бұрын сотты болмаған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.


Дәрігерлердің айтуынша, қылмыскер бауырына пышақ жарақатын салған 1993 жылғы жігіттің жағдайы өте ауыр.

Следующая →