WannaCry вирусын ойлап тапқандар құрбандарынан 42 мың доллар ұрлап алған
WannaCry вирусын шығарушылар Bitcoin жүйесі арқылы құрбандарынан 42 мың доллар алған
Қаскүнемдер барлығы 110 аударма жасап үлгерген. Жүйені қайтадан ашу үшін құрбандарының биткоиндерінен 300 доллардан талап еткен. Бұл туралы The Times аталмыш төлемдерге сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аталғандай, хакерлер құқыққорғаушылар жағынан аңду бола ма деп, ақшаларын шешуге асықпаған.
Осыған дейін, WannaCry вирусын уақытша тоқтата алған британдық бағдарламашы оның қалай жұмыс істейтінін айтқан болатын. Алайда, қылмыскерлер мәселенің мәнін түсініп қоятын болса, өз туындыларын қайтадан іске қосып вирустың таралуын жалғастыра беруі мүмкін.